Қытай шетелдіктердің елге кіруіне шектеу қойды

30 Наурыз 2020, 10:59
1399
Бөлісу:
Қытай шетелдіктердің елге кіруіне шектеу қойды

Алматы, BAQ.KZ.  Қытайда өткен тәулікте 31 адам коронавирус жұқтырған, оның 30-ы шетелден келген. 

"Хабар 24" телеарнасының мәліметінше, ауырғандардың басым көпшілігі Бейжіңде. Қытай билігі індеттің қайта өршуіне жол бермеудің амалына кіріскен. 

Сондықтан ел аумағында тіркелген әрбір вирус жұқтыру деректері жіті бақылауда. Ал шетелден келгендерге қатаң сақтық шаралары қолданылуда. Өзге елден келген Қытай азаматы бірден карантинге алынады. Ол үшін арнайы қонақ үй де қарастырылған. Ал шетел азаматтарының елге кіруіне уақытша шектеу қойылған. Сондай-ақ, халықаралық рейстер санын да қысқартқан. Ал транзиттік жолаушылар ағынын азайту мақсатында Гонконг, Макао және Тайвань әуежайлары қызметін тоқтатты. 

Соңғы тәулікте ел бойынша вирус жұқтырудың бір дерегі анықталды. Ол Ганьсу провинциясында тіркелді. Жергілікті журналистердің хабарлауынша, науқас Хубэй провинциясынан келген. 

Қазір Қытайдың өзге қалалары мен провинцияларында өлім көрсеткіші 0,9-1 процентті құрайды. Сондықтан ауру белгілері байқалмайтын науқастар өте аз дер едім. Мұндай азаматтар вирусты өзгелерге жұқтырып, дертке шалдығу көрсеткішін одан сайын нашарлата түсуі мүмкін. Дегенмен, қазір бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Кей өңірлерде тіпті нөлге жақындаған. Сол себепті бұл аса күрделі мәселе емес дер едім,-дейді пульманолог Чжун Наньшань.
Өзгелердің жаңалығы