Бас жаңалықтар
Қымбат жобалау-сметалық құжатама әзірлеу практикасын тоқтату керек  –  Мамин
29 Сәуiр 2019, 10:45 383

Қымбат жобалау-сметалық құжатама әзірлеу практикасын тоқтату керек – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында студенттерді жатақханамен қамту мәселесі бойынша  бірқатар тапсырмалар берді.

«Білім және ғылым министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп өңірлерде жатақханаларды қаржыландыруда бекітілген құралдарын түсіндіру бойынша кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізуді, жатақханаларды пайдалануға беруде өңірлер бойынша нақты жоспарлар әзірлеп, орындауды қамтамасыз етуді тапсырамын», - деп айтты Премьер-министр. 

Ол әкімдер оқу орындары басшыларымен бірлесіп студенттер жатақханаларын салу жұмысын тездетіп, нысандарды уақытында тапсыруды қамтамасыз ету қажет екенін қоса айта кетті. Қымбат жобалау-сметалық құжатаманы әзірлеу практикасын тоқтату керек екенін айтып, орынбасары Гүлшара Әбдуқалықоваға осы мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.

Еске сала кетсек, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова биыл 9 мың орынды жатақхана тапсырылатынын мәлімдеді. Ал Мамин салынып жатқан студенттер жатақханаларын уақытылы пайдалануға беруді тапсырды. Себебі оның айтуынша осы мақсатта нашар жұмыс жүргізіп отырған өңірлер бар.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...