ІІМ түрмеде сотталғандарды жәбірлеп жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді

26 Шілде 2019, 20:09
3728
Бөлісу:
ІІМ түрмеде сотталғандарды жәбірлеп жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі интернет желісінде түрме қызметкерлерінің сотталғандарды ұрып-соққан видеосына қатысты түсініктеме берді.

«Интернет желісінде Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Заречный ауылындағы ЛА-155/8 мекемесі қызметкерлерінің аталмыш колонияда жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қарсы заңсыз әрекеттері бейнеленген видео жарияланды. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс басталды», - делінген ведомство хабарламасында.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, тексеріс жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық полиция департаменті жеке қауіпсіздік басқармасының жедел-тергеу тобы мекемеге жіберілді.


Өзгелердің жаңалығы