Венесуэлада электр жарығы толық қалпына келтірілді

14 Наурыз 2019, 10:51
1963
Бөлісу:
Венесуэлада электр жарығы толық қалпына келтірілді

Астана, BAQ.KZ. Венесуэланың байланыс және ақпарат министрі Хорхе Родригес 14 наурыздан бастап елдегі электр энергиясын тарату толық қалпына келтірілетінін мәлімдеді. Бұл жөнінде Корреспондент порталы хабарлады. 


«Бүгін электр энергиясын беру ұлттық деңгейде 100 процент қалпына келтірілді», - деді Родригес мемлекеттік телеарнасының эфирінде. 

Ол энергия жүйесі электр шағын станцияларының жарылысы орын алған Барута мен Эль-Атильо муниципалитеттерінің кейбір секторларының есебінсіз қалпына келтірілгенін айтты. 

Еске салсақ, 7 наурыздан бері елдегі ГЭС Эль-Гуридегі ірі апат салдарынан Каракас пен Венесуэланың бірқатар штаты жарықсыз қалған болатын. Венесуэла парламенті 11 наурызда республикада төтенше жағдай енгізді.
Өзгелердің жаңалығы