Вакцина алмаған азамат ПТР тестін апта сайын тапсырады

23 Маусым 2021, 18:10
4157
Бөлісу:
Вакцина алмаған азамат ПТР тестін апта сайын тапсырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Оның айтуынша, қызмет көрсету саласы мамандарын вакцинациялауға міндеттеу адам құқығын бұзу әрекеті болып саналмайды.

Біз, ең алдымен, адамдардың денсаулық қауіпсіздігі үшін жауаптымыз. Конституцияның 27-бабында да солай жазылған. Аталған сала қызметкерлері көптеген азаматпен тікелей қарым-қатынаста болатындықтан, біз халықтың қаупсіздігін қамтамасыз етуіміз тиіс. Бұл мәселеге осы тұрғыдан қарауларыңызды сұраймыз. Әлемдегі жағдай мен эпидахуал бізді осындай қадамдарға мәжбүрледі. Мұны себепсіз ойлап тапқан жоқпыз. Біз адамдардың денсаулығына қауіп төндіре алмаймыз, - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар вакцинадан бас тартқан осы сала мамандарына апта сайын ПТР тестілеуден өту міндеттеледі. Оны ол өз қаражатына немесе жұмыс берушілердің есебінен жасайды.

Еске салсақ, елімізде вакцина алған қанша адам вирус жұқтырғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы