«Үш-ақ жыл, сонда сен кімсің?» – Comedy Club жүргізушілері Иманбекке таңғалды

17 Сәуір 2021, 17:49
3361
Бөлісу:
«Үш-ақ жыл, сонда сен кімсің?» – Comedy Club жүргізушілері Иманбекке таңғалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов ресейлік Comedy Club телешоуының қонағы болды. Youtubе-ке жүктелген видеода Павел Воля мен Гарик Харламовтың Иманбекті қалай әзілге қосқаны туралы бейнежазба пайда болды.

Алдымен шоу резиденттері Иманбекті көпшілікке таныстырды. Таныстыру барысында «қазір көп қазақстандық бойлар тіктеп алған шығар» деп әзілдеді. 

Содан кейін қарапайым теміржолшының қалай беделді сыйлық иесі атанғаны жайлы сұрады.


Оған Иманбек «оның сыры қымызда» деп жауап берді. Сонымен қатар Иманбек музыкамен үш жыл бұрын айналыса бастағаны туралы айтты. Павел Воля бұған таңданысын білдіріп «Үш-ақ жыл, сонда сен кімсің» деді? Оған Иманбек «сәттілік серігі болған жанмын» деді.

Жүргізуші Иманбектің 2020 жылы америкалық Usher мен Marshmello сынды орындаушыларымен трек жазғанын, 2021 жылы оның британиялық әнші Rita Ora Bang деп аталатын жаңа альбом шығарғанын еске салды.

Бұл жолы Павел Воляның таңданысына Иманбек «Мен қазақпын» деп жауап берді. Артынша Харламов «Сен қазақ емессің, қазақтың Күлшеқызысың» деді.

Ресейлік шоу жүргізушілері Иманбектің жеңісіне жоғары баға берді. Оған ізгі тілектерін жеткізді. 

Жасың небәрі 20-да, теміржолшы бола жүріп, үш жыл музыкамен айналыстың. Мына жерде жап-жақсы, қарапайым болып отырсың. Ата-анаңа зор қошемет!, - деп қорытындылады Павел Воля.

Өзгелердің жаңалығы