Ұлттық банк төрағасы елімізде жұмыртқа неге қымбаттағанын айтты

10 Қараша 2021, 12:40
1259
Бөлісу:
Ұлттық банк төрағасы елімізде жұмыртқа неге қымбаттағанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. Оның айтуынша, қазанда айлық инфляция 0,7%-ды құраған.

Сондай-ақ инфляция азық-түліктің бағасына да әсер етпей қоймаған.

Жаңа өскен көкөніс бағасы маусымдық 5,5%-ға (үлес - 0,3 пайыздық тармақ) және жұмыртқаның бағасы 7,2%-ға өсуі салдарынан азық-түлік инфляциясы 0,7%-ға жетті. Қияр мен қызанақтың бағасы 22%-ға қымбаттаған. Құс фабрикаларында өндіріс көлемінің қысқаруынан, жем құнының артуынан, сондай-ақ 2022 жылдан бастап субсидияларды алып тастау ықтималдығынан жұмыртқаның бағасы өсті, - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар инфляция соңғы 6 айда алғашқы рет өсімін тоқтатып, 8,9% деңгейінде сақталған.

Жылдық инфляция азық-түлік бағасының 11,5%-дан 11,3%-ға дейін баяулауы аясында соңғы 6 айда алғашқы рет өсімін тоқтатып, 8,9% деңгейінде сақталды. Бұл ретте азық-түлікке жатпайтын инфляция 7,5%-дан 7,8%-ға дейін, ақылы көрсетілетін қызмет инфляциясы 6,8%-дан 6,9%-ға дейін арттты, - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы еңбекақының өсуі инфляцияға қосымша қысым жасап отырғаны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы