Досаев: Еңбекақының өсуі инфляцияға қосымша қысым жасап отыр

10 Қараша 2021, 12:21
1409
Бөлісу:
Досаев: Еңбекақының өсуі инфляцияға қосымша қысым жасап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев хабарлады. Оның айтуынша, биыл қазан айында елімізде іскерлік белсенділік индексі оң көрсеткішке өтіп, 50,1-ге жеткен.

Іскерлік белсенділіктің жақсаруы бірінші жартыжылдықта бос жұмыс орындарының 49%-ға өсуіне әсер етіп, ұсыныстан жылдам өсіп келе жатқан жұмыс күшіне сұранысқа ықпал етіп отыр. Кейбір салаларда жұмыс орындарының бес ай қатарынан қысқаруы кезінде еңбекақының өскені байқалады. Қызметкерлер барынша қолайлы еңбек жағдайын, жоғары еңбекақы іздестіріп, жұмыстан шығуда, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Сондай-ақ еңбекақының өсуі аясында қызметтің өзіндік құнының индексі былтырғы жылғы шілдеден бастап 49-дан 67-ге дейін өсуін жалғастыруда.

Іскерлік белсенділіктің қалпына келуі және қызметтің өзіндік құнында еңбекақының жоғары үлесін (50%) ескере отырып, еңбекақының өсуі инфляцияға қосымша қысым жасап отыр, - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы