ТЖ: Чек үшін кәсіпкерлерге айыппұл салынбайды
10 Қаңтар, 16:08 220

ТЖ: Чек үшін кәсіпкерлерге айыппұл салынбайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Онлайн бақылау-касса машиналары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Кәсіпкерлер ғаламтор жұмыс істемеген жағдайда онлайн бақылау-касса машиналардың фискалдық чектерінің орнына тауар чектерін көрсете алады деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 


Сондай-ақ онлайн-БКМ бойынша «Тауар чектерінің» кітабын мемлекеттік кірстер органдарында тіркеу және желі пайда болғанда берілген тауар чектерін онлайн бақылау-касса машиналарына енгізу қажеттілігі жоқ. Тек салық есептерін тапсыру кезінде ақшалай есеп-айырысуды есептілікте көрсетсе жеткілікті.

Тауар чегі – ақшалай есеп айырысу негіздеуі фактісін растайтын бастапқы есептілік құжаты, бақылау-касса машиналардың техникалық ақауы жағдайларында немесе электр қуаты болмағанда қолданады.

Бұл ретте, кәсіпкер тауар чегінде өткізілген тауарларлардың, көрсетілген қызметтердің атауы мен санын көрсетпестен, сомасын ғана көрсетуіне болады. Айыппұл санкциялары  қолданылмайды.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...