Омикрон. Жағдай ушыға берсе, карантинді қатаңдату шаралары қабылдануы тиіс

10 Қаңтар 2022, 15:55
1234
Бөлісу:
Омикрон. Жағдай ушыға берсе, карантинді қатаңдату шаралары қабылдануы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева  хабарлады.

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 күн толық өтіп, эпиджағдай тұрақталмаса, алтыншы күні карантиндік қатаңдату шаралары қабылдануы тиіс. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы қабылданған соң, ол үш күн өткенде қай өңір екендігіне қарамастан күшіне енеді, - деді департамент басшысының орынбасары.

Қала тұрғындарын аса сақ болуға шақырған ведомство басшысы «Омикрон» штамы «Дельтаға» қарағанда 70 есе жұқпалы деп отыр.

Бүгінде елордада 7 стационар індетпен күрес үшін жұмыс істеп жатыр. Бүгін таңертең алынған дерек бойынша, қалада 513 пациент ем қабылдауда, - деп атап өтті Жанна Пралиева.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Жанна Пралиева «Омикрон» штамының белгілері байқалса, не істеу керектігі туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы