Жетісайлық жігіт туысқанының көлігін ұрлап кетіп, жол апатына түсті

11 Қыркүйек 2019, 10:45
1442
Бөлісу:
Жетісайлық жігіт туысқанының көлігін ұрлап кетіп, жол апатына түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында өзінің туысқанының көлігін ұрлап кеткен азамат жол апатына түсті. Бұл туралы облыстың ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жетісай қаласының тұрғыны кезекші бөлімге машинасын ұрлап кетті деп арыз жазды. Ол өзіне келтірілген шығынды 12 млн теңгеге бағалады. Полиция ҚР ҚК 200-бабы «автокөлікті немесе басқа да транспорттық құралды заңсыз иемдену» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Сол күні түнде полиция бөлімшесіне жол апаты салдарынан жарақат алып, бірнеше жігіттің орталықтағы аудандық ауруханаға түскені туралы хабарлама келеді.

«Тексеру барысында жүргізушінің қатты жылдамдықпен жүргені және көлік тізгініне ие бола алмай электр бағанына соғылғаны анықталды. Сонымен қатар, жол апаты түскен көліктің ұрланғаны, ал ұрлап кеткен адамның оны туысқаныы екені белгілі болды. Ол көліктің кілтін рұқсатсыз алып, достарымен бірге қалада қыдырып қайтпақ болған көрінеді. Бұған дейін күдікті мас күйінде рөлге отырғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы