Боксшыларымыз Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

11 Қыркүйек 2019, 10:32
1950
Бөлісу:
Боксшыларымыз Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Алматы, BAQ.KZ. Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатын қазақстандықтар жеңіспен бастады, деп хабарлады Olympic.kz.  

Бүгін біздің спортшылар арасынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов бірінші кездесуінде жеңіске жетті.  

Нұрдәулетов Оңтүстік Корея өкілі Хонг Ингиден басым түсті. Бес төреші де жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берген.

Өзгелердің жаңалығы