Түркияда әскери ұшақ құлады

8 Сәуір 2021, 09:52
1715
Бөлісу:
Түркияда әскери ұшақ құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның орталық бөлігінде орналасқан Конья қаласының маңында «Түрік жұлдыздары» әскери ұшқыштар тобының жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Sabah газетінің хабарлауынша, әскери ұшақ оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған. 

Сондай-ақ бастапқыда F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады деп хабарланған, бірақ кейінірек Northrop F-5 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады деген ақпарат пайда болған. 

Кейінірек Түркияның Қорғаныс министрлігі ұшақтың апатқа ұшырағанын растады. 

Коньяда оқу-жаттығу кезінде Түркия әуе күштеріне тиесілі ұшақ белгісіз себеппен сағат 14:15-те (Мәскеу уақыты бойынша) құлады. Тергеу басталды, - делінген Қорғаныс министрлігі Twitter-де. 
Түрік әскери бөлімі ұшқыштың да қаза болғанын растап отыр. 

Түркия президенті Тайып Ердоған Twitter парақшасында қаза тапқан ұшқыштың отбасына көңіл айтты.

Өзгелердің жаңалығы