Бас жаңалықтар
Түркістанда балық шаруашылығы дами бастады
12 Қыркүйек 2021, 20:08 112

Түркістанда балық шаруашылығы дами бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Түлкібас ауданында үш шаруа қожалық балық шаруашылығы кәсібін қолға алып, жасанды тоғандарға алғашқы шабақтарын жібере бастады. 

Негізінен балық шаруашылығымен айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көп. Мәселен, балыққа берілетін жемнің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.

Машат ауылдық округіндегі «Жеті үй» шаруақожалығында 15 мың дана сазан, дөнмаңдай (толстолоб), ақ амур балық шабақтары өсірілуде. Кәсіпкер Қайырғали Тайболовтың айтуынша, өткен жылы аудан әкімдігінің қолдауымен үйіргелік жерін рәсімдеп, жасанды тоған салған. Биылғы жылдың көктемінде қосымша 3 мың дана аталған балық түрлерінің шабақтары жіберілген.

Сондай-ақ, Сапарғали шаруа қожалығы 100 мың дана нарықта сұранысы жоғары сазан, дөнмаңдай (толстолоб), ақ амур балық шабақтарын жіберуді жоспарлап отыр. Қожалық иесі Сапарғали Құрманбаев көктемде шаруа қожалығына тиесілі 11 гектар жердің 2,16 гектарына 7 жасанды тоған салған. Тоғандарға су жібермес бұрын балық қорегі ретінде тоған түбіне арпа, бидай, тары дақылдарының дәні себілген. Қазіргі таңда балық шабақтарына тапсырыс беріп, күтуде.


Фото: дереккөз
Загрузка...