Түркістан облысында 500-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды

29 Сәуір 2019, 21:47
3131
Бөлісу:
Түркістан облысында 500-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Облыс әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесі» өтті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жәрмеңкеге «Мемлекеттік қызмет мектебінің» тыңдаушылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының бітіруші түлектері мен жұмыссыздық бойынша тіркеуде тұрған азаматтар қатысты.


Түркістан облысында 500-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды


«Іс-шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызмет жүйесіне белсенді, жаңашыл көзқарастағы жастарды тарту, облыстағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан тұлғаларға бос лауазымдарға орналасу тәртібін түсіндіру», - деді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Жәрмеңкеде облыс орталығындағы жергілікті және аумақтық мемлекеттік мекемелердің, әлеуметтік сала бойынша, сондай-ақ, қала, аудан әкім аппараттарындағы бос мемлекеттік қызмет лауазымдары жұртшылық назарына ұсынылды.

Жалпы алғанда, 500-ге жуық ұйымның бос жұмыс орындары таныстырылды. 

Шара аясында жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу, олардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру бағытында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.


Түркістан облысында 500-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды


Білімді, талапты, жігерлі жастар - мемлекеттік қызметтегі кәсібиліктің қайнар көзі және жарқын болашағы.

Негізінен жәрмеңкеде азаматтарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп қана қоймай, Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев талапты жастарды мемлекеттік қызметтің және әлеуметтік салалардың бос жұмыс орындарына орналасуға шақырды.


Өзгелердің жаңалығы