Туризм. Швейцария Үкіметі жаңа ережелер енгізді

18 Қыркүйек 2021, 23:29
7659
Бөлісу:
Туризм. Швейцария Үкіметі жаңа ережелер енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцария Үкіметі елге кірудің жаңа ережесін енгізді. 

20 қыркүйектен бастап вакцина алғанын немесе КВИ-мен ауырып-жазылғанын растайтын құжат болмаса, саяхатшылар ПТР-тест нәтижесін ұсынуы керек. Содан кейін 4-7 күннен кейін қайта тексеруден өтеді.

Таиланд билігі Бангкокты шетел туристері үшін қазан айының 15-нен бастап ашатын болды. Бұрын ол 1 қазанға белгіленген еді. Оған қалада вакцинация қарқынының төмендігі себеп болды. Паттайя курорты орналасқан Чонбури, Чианг Май, Пхетбури және Прачуапкхирикханда да туристерді қабылдау мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін.

Лондон метросының операторлары COVID-19-ға байланысты эскалаторларда құлап қалу оқыс жағдайларының өскенін хабарлады. Денсаулығына аса сақтықпен қарайтын жолаушылар вирус жұқтырудан қорқып, эскалатор қоршауын ұстамауға тырысады.

Өзгелердің жаңалығы