Қытайда магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді

Жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 12:48-де болған.

 istockphoto.com 26 Қазан 2026, 16:18
26 Қазан 2026, 16:18
216
Фото: istockphoto.com

Қытай аумағында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы мәлімдеді.

Қазақстанның Геофизикалық зерттеулер институты Ұлттық ядролық орталығы Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 26 қазанда Астана уақытымен сағат 12:48-де (Гринвич уақытымен 07:48-де) тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі 40,28° солтүстік ендік пен 77,92° шығыс бойлықта орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,7, энергетикалық класы – 11,5.

Наверх