Алматыда жүк көлігі аялдамаға соғылды: жол апатына жеңіл көлік себеп болған

Жол апаты Жароков пен Левитан көшелерінің қиылысында болған.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 26 Қазан 2026, 17:49
26 Қазан 2026, 17:49
184
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, екі көлік те Жароков көшесімен қозғалған. Changan көлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатқан. Левитан көшесімен қиылыста екі автомобиль соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа қауіпсіз арақашықтықты сақтамау себеп болуы мүмкін.

Соққыдан кейін жүк көлігі инерциямен қозғалысын жалғастырып, аялдама кешеніне шығып кеткен. Сондай-ақ ағашқа соғылған. Жол апатынан кейін Dongfeng көлігінің жүргізушісіне медициналық көмек қажет болды.

Dongfeng жүргізушісін жедел жәрдем бригадасы тексеріп, қосымша медициналық тексеруден өту үшін медициналық мекемеге жеткізді, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, жол апатына қатысты қажетті шаралар жүргізілген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жаяу жүргіншілердің зардап шеккен-шекпегені туралы ақпарат нақтылануда.

Наверх