Бас жаңалықтар
Тегін құқықтық кеңесті қалай алуға болады?
02 Тамыз 2021, 12:49 462

Тегін құқықтық кеңесті қалай алуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алатау ауданының заң консультациясының меңгерушісі Шынқуат Байжанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты.

Қазақстан бойынша тегін құқықтық кеңес беру мәселесі бұрыннан бар. Алматы қалалық адвокаттар алқасы прокуратура тарапынан кезекшілікте тұрдық. «Адвокат қызметі» туралы заңда да белгілі бір санаттағы адамдарға тегін көмек көрсету мәселесі бар. Адвокаттар оны тегін жүзеге асырып жатыр, - деді ол.

Байжановтың айтуынша, қоғамда құқықтық сауат өте төмен.

Көп адам «қаржы пирамидасын» ашады. Заңды білетін адам қаражатты жинақтау тек банктің құзыретінде екенін біледі. Олар пайыз өндіру мәселесімен айналыспайды. Әлі күнге дейін «қаржы пирамидалары» адамдардың ақшасын алаяқтықпен жымқырып жатыр. Әсіресе, қандастар жергілікті жердің заңдарын көп біле бермейді. Олар кооператив арқылы пәтер алып беру туралы жалған жарнамаларға сенеді, - деді ол.

Байжанов ақшаны сенімсіз бір жерге салудың алдында құқықтық кеңес алу керек екендігін айтты.

Фото: дереккөз
Загрузка...