Театр және кино өнері майталмандары  «Асанәлі» сыйлығымен марапатталады
5 Мамыр, 13:06 487

Театр және кино өнері майталмандары «Асанәлі» сыйлығымен марапатталады

Алматы, BAQ.KZ. 8 мамырда  қазақ өнерінің аңызға айналған абызы, Еңбек Ері, КСРО Халық артисі, Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, профессор Асанәлі Әшімұлы 85 жасқа толады.

Бар ғұмырын қазақ кино және театр өнеріне арнаған тұлғаның 85 жас мерейтойы қарсаңында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет «Асанәлі» сыйлығы тапсырылады.

Сыйлықтың мақсаты – Қазақстанның кино және театр өнері саласында талмай еңбек етіп жүрген майталмандардың кәсіби деңгейін шыңдау, өнерге қосқан еңбегін бағалау.

Марапат бес номинация бойынша беріледі:

1.  Ең үздік кино актері
2.  Ең үздік театр актері
3.  Ең үздік кино режиссері
4.  Ең үздік театр режиссері
5.  «Театр және кино өнеріне қосқан үлесі үшін».


Фото: дереккөз
Загрузка...