Тайжан орынбасарымен бірге отставкаға кетуі тиіс министрді атады

14 Маусым 2021, 15:55
20776
Бөлісу:
Тайжан орынбасарымен бірге отставкаға кетуі тиіс министрді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АШМ министрі бірінші орынбасарымен бірге сөзсіз отставкаға кетуі керек. Жер комиссиясының мүшесі, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Facebook-тегі парақшасында осылай деді.

Картоп, сәбіздің бағаларының көтерілгені - ол ауыл шаруашылығы саласының обьективті диагнозы. Мына министр жақсы адам, жақсы дос, жақсы әке болуы мүмкін. Оған дау жоқ. Бірақ бұл үлкен және өте маңызды саланың - ауыл шаруашылығы министрі ретінде никакой, нөл. Бұл министр бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровпен бірге сөзсіз отставкаға кетуі керек!, - деп жазды ол.
Айта кетейік, соңғы уақытта нарықта картоп, сәбіз тәрізді халық күнделікті тұтынатын азық-түліктің құны қымбаттап кетті. Бұған дейін Үкіметте Бақыт Сұлтанов көкөністің неліктен қымбаттағанын түсіндірді.

Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысында спикер Нұрлан Нығматулин азық-түлік бағасының шарықтауына байланысты шенеуніктерге шүйлікті.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пандемияның кесірінен азық-түлік, тек Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде де қымбаттап жатқанын алға тартты.


Өзгелердің жаңалығы