Бас жаңалықтар
«Тәуелсіздік ұрпақтары»: Талантты жастарға 30 грант беріледі
19 Шілде 2021, 17:08 352

«Тәуелсіздік ұрпақтары»: Талантты жастарға 30 грант беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алыңында Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында түрлі жобалар мен жаңа идеяларды іске асыру үшін талантты жастарға «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты 30 грантты берілетіні айтылды. 

Бұл туралы Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов айтты.

Оның айтуынша, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары талантты жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын беріледі. 

Үміткерлердің конкурстық өтінімдерін қабылдау бүгіннен басталып, 2021 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Ғылым», «Мәдениет», «Бизнес», «Ақпараттық технологиялар», «Медиа» бағыттары бойынша өз жобалары мен жаңа идеяларын іске асыру үшін дарынды жастар өкілдеріне 30 грант беру жоспарланып отыр, - деп түсіпдірді Комитет төрағасы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...