Тәуелсіздік тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасын құрғандар жазаланды
01 Қараша 2021, 11:27 123

Тәуелсіздік тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасын құрғандар жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифингте айтты.

Өткен аптада Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған «КУЭСТРА УОРЛД» сотқа берілді. ІІМ жедел-тергеу тобы осы қаржы пирамидасының басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.Тергеу барысында 2016 жылғы наурыздан бастап 2017 жылғы маусымға дейін Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында «КУЭСТРА УОРЛД» қаржы пирамидасын құрғандығы және оны құрылымына қазақстандықтарды тартқандығы анықталды, - деді ол.

Ораздың айтуынша, пирамида басшылары салынған соманың 336%-на дейін табысқа кепілдік бере отырып, салымшыларға виртуалды валюта арқылы құны 90-нан 500 мың еуроға дейінгі ойдан шығарылған инвестициялық портфельдерді сатып алуды ұсынған.

Алайда тартылған қаражат кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмаған. Бір қатысушыны жаңа салымшылардың жарналары есебінен байыта отырып, қаржыны өзара қайта бөліп отырған. Белсенді жұмыс нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстанның мыңдаған азаматы тартылды. Келтірілген материалдық шығын сомасы 1 млрд теңгеден асты. Қылмыстық іс бойынша 4 адам, оның ішінде бұрын Беларуссиядан экстрадицияланған Ресей Федерациясының азаматы жауапқа тартылды, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...