Қолайсыз ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

1 Мамыр 2024, 01:16
693
Бөлісу:
Қолайсыз ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Фото: скрин

Сағат 00:00–дегі мәлімет бойынша, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты «Астана — Ерейментау — Шидерті» автомобиль жолының 16-200 шақырымында Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы учаскесі көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы BAQ.KZ QazAvtoJol-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысында ауа райының күрт өзгеріне байланысты Астана-Ерейментау-Шидерті автомобиль жолының 200-254 шақырымында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Бүгін түнде Астанаға қар жауды.

Ал 27 ақпанда оңтүстікте – Жамбыл облысының Жуалы ауданына қар түскен.

Өзгелердің жаңалығы