Маңғыстау облысында құбыр дайындайтын зауыт ашылды

1 Қараша 2021, 11:16
2298
Бөлісу:
Маңғыстау облысында құбыр дайындайтын зауыт ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен мұнай-газ кенішіне арналған құбыр дайындайтын зауыт ашылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

​​Бұл - еліміздегі диаметрі (530 мм дейін) кіші болат құбырларын сыртқы және ішкі коррозияға қарсы қоспамен қаптап, құбыр әзірлейтін алғашқы зауыт. Кәсіпорын жылына мұнай-газ өнеркәсібіне қажетті 700 шақырымға жуық құбыр өндірмек. Мұнда соңғы үлгідегі технологиялардың көмегімен құбырларға ішкі және сыртқы қаптама жұмыстары жүргізіледі.

«Жаңа құбыр технологиялары» ЖШС директоры Мырзабай Оңдағанның айтуынша, инвестициялық жобаның құны 5 млрд теңге. 200 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмысшылар арнайы даярлықтан өткен.

Елбасы бағдарламалық құжаттарда жергілікті қамтуды дамытудың қажеттілігін бірнеше рет көрсетті. Ел Президенті де бізге осындай міндет қойып отыр. Біз өңірдің мұнайгаз саласындағы жергілікті қамтудың үлесін ұлғайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. Мұндай зауыттардың ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек, - деді Нұрлан Ноғаев.

Салтанатты рәсімге өңір ақсақалдары, бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Өзгелердің жаңалығы