Тоқаев Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды

21 Қараша 2019, 19:05
3111
Бөлісу:
Тоқаев Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды. Бұл туралы президент Twitter-дегі парақшасында жазды.

Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым, - деп жазды президент.

Еске сала кетейік, Таразда 7-сынып оқушысын 38 жастағы ер адам зорлаған болатын. Қаскөйден қорлық көрген оқушы ауруханаға жатқызылған болатын. Сондай-ақ, директор және орынбасары, мұғалім, вахтер жұмыстан босатылған еді. Аталған оқиғаға қатысты қалалық білім басқармасының басшысы Тұрмаханбетова Рахия Сейітбекқызы да жұмыстан босатылды.


Өзгелердің жаңалығы