Танымал блогер қонақ үйлерден карантинге орын бөлуге шақырды

27 Наурыз 2020, 10:50
1807
Бөлісу:
Танымал блогер қонақ үйлерден карантинге орын бөлуге шақырды

Алматы, BAQ.KZ. Блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібеков Алматы қаласын қазіргі қиын жағдайда қолдауға және карантин қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз қонақ үйлерден орын беруге шақырды.


Оның пайымдауынша, коронавирусқа қарсы күресте жуық арада Алматы қаласында медициналық қызметкерлерді, сондай-ақ шетелден келген азаматтарды карантинге орналастыру үшін орын жетіспеушілігі проблемасы орын алуы  мүмкін. Осыған байланысты ол жеке қонақ үйлер мен отельдерге иелік ететін барлық қазақстандықтарға Алматы қаласын қазіргі қиын уақытта қолдауға және карантиндік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз қонақ үйлерінен орын беруге шақырады.
Елдегі жағдай біздің әрқайсымыздан күш біріктіруімізді және тез әрекет етуімізді талап етеді. Қонақ үйлердің иелері қаланы қолдау арқылы вирусты жылдам жеңуге және қалыпты өмірге оралуға көмегін тигізеді, - деп жазды Бейбіт Әлібеков.
Өз кезегінде Алматы әкімдігі қала медициналық қызметкерлер мен азаматтарды орналастыру үшін материалдық өтемақы бөлуге дайын екендіктірені білдірді. Бұл дағдарыс кезінде көптеген қонақ үйлер бос тұрған шақта және олардың қызметкерлері жалақысыз қалған уақытта қонақ үй иелерді қолдауға өз септігін тигізбек.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен күресу үшін қонақ үйден орын беру бастамасын қазақстандық кәсіпкер Айдын Рахымбаев көтерген болатын. Ол бұл ретте АҚШ Президенті Кеннедидің: "Елің сен үшін не істей алатынын сұрама, елің үшін өзің не істей алатыныңды сұра" деген тарихи фразасын тілге тиек етті.




Өзгелердің жаңалығы