Бас жаңалықтар
Тәліптер Ауғанстан аумағында аспанға оқ атуға тыйым салды
05 Қыркүйек 2021, 17:50 367

Тәліптер Ауғанстан аумағында аспанға оқ атуға тыйым салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Талибан» қозғалысы (ред. - Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстанда аспанға оқ атуға тыйым салды. 

Бұл туралы ТАСС хабарлады. 

Мұндай тапсырманы жергілікті әкімшілік пен әскерилер жариялаған. Бұйрық мәтінін Забихулла Муджахид қозғалысының өкілі Twitter-дегі парақшасында мәлім етті.

Кабул мен провинциялардағы барлық әскери шенеунікке, командирге және басқа да жауапты адамға аспанға оқ атқандарды дереу қолға түсіріп, қарусыздандыру тапсырылды. Кабул мен провинциялық полиция бастықтары мен барлау қызметкерлеріне қылмыскерлерді анықтау үшін шұғыл әрі шешуші шаралар қабылдау тапсырылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бұйрықта «Кабулда және елдің басқа да қалаларында ауаға оқ ату адамдардың өліміне және жарақат алуына әкеледі, онымен қоса бейбіт тұрғындар арасында қорқыныш тудырады» деп атап көрсетілген.

Қабылданған бұйрық талибан мүшелеріне де қатысты болмақ.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...