COVID-19. Инфекцияны жұқтыратындардың жасы төмендеген

5 Қыркүйек 2021, 17:35
7233
Бөлісу:
COVID-19. Инфекцияны жұқтыратындардың жасы төмендеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар күрт өсіп, ауруханалар науқастарды қабылдап үлгірмей жатыр.

Бұл туралы Reuters хабарлады.

Жансақтау бөліміне түскендердің дені - вакцина алмағандар.

Дәрігерлердің айтуынша, бұрын науқастардың көбі созылмалы ауруы бар қарт кісілер болатын. Бірақ қазір дертке шалдыққандардың орташа жасы біршама төмендепті.

Айта кетейік, Азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасы (FDA) мен Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) өкілдері АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігіне коронавирустық вакцинаның қосымша «күшейткіш» дозаларын енгізу жоспарын кейінге қалдыруды ұсынып отыр. Оның тағы бір себебі ревакцинация туралы деректердің жеткіліксіз болуы. 

Байденнің айтуынша, әзірге тек Pfizer вакцинасын ұсынуға болады.

АҚШ-та соңғы жеті күнде әр тәулік сайын шамамен 150 мың адам ковид жұқтырған.

Өзгелердің жаңалығы