Түркия ДАИШ терроршысын ұстағаны туралы жариялады

22 Қараша 2019, 21:32
3321
Бөлісу:
Түркия ДАИШ терроршысын ұстағаны туралы жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия ішкі істер министрінің айтуынша, ұсталған терроршы 2018 жылы Ресей мен Германияда болған терактардың артында тұрған.

Түркия террористік "Ислам мемлекетінің" жоғары лауызымды мүшелерінің бірін ұстағаны туралы хабарлады. Ол 2018 жылы Германия мен Ресейде болған терактілердің артында тұрған. Бұл туралы Hurriyet Daily News хабарлады.

Түркия ІІМ Сүлейман Сойлу басылымға берген сұхбатында ұсталған Юсуф Худа ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған – ред.) басшыларының бірі екенін айтты. Олар жарылғыш заттар дайындаумен және жанкештілерді дайындап, терактілерді ұйымдастырумен айналысқан.

Терроршыны Сирияның солтүстік-батысында жақында өткен әскери операция кезінде ұсталған.
Бұл экстремист Ресей мен Германияда  2018 жылы болған шабуылдардың артында тұрды, - деді министр.

Ол Юсуф Худа 20 террористік актіге жауап беретінін қосты.
Өзгелердің жаңалығы