Шығыс Қазақстанда су тасқынына қарсы жұмыс барысы таныстырылды
10 Қараша 2021, 16:55 81

Шығыс Қазақстанда су тасқынына қарсы жұмыс барысы таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында Семей қаласындағы су тасқынына қарсы жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Пристань, Мирный, Восточный кенттері және Бейбітшілік аралы ауданында жыл сайын 1026 тұрғыны бар 254 тұрғын үйді   су басу туындайды, осы жылы жергілікті атқарушы органдар жалпы ұзындығы 2566 метр "Жұмыспен қамту 2021 жол картасы" бағдарламасы шеңберінде жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілген. 
Қазіргі уақытта жердегі, жоспарлау жұмыстары және жағалауды тазарту аяқталды, темірбетон плиталары төселуде. Бұл жұмыстар жоғарыда аталған ауылдардың тұрғындарын қауіпсіздендіруге және 73 000-нан астам тұрғынды сумен қамтамасыз ететін құдықты су басуының алдын алуға мүмкіндік береді, - делінген ақпаратта.


Сондай-ақ Семей қаласына сапары барысында вице-министр өрт сөндіру депосына барып, бөлімшелердің жеке құрамымен кездесіп, ҚР ТЖМ №68303 әскери бөліміне барып қайтты.

Бородулиха ауданында Марат Күлдіков Новопокровка ауылына да барды, ол жерде Жура өзенін тереңдету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...