Мамин салынып жатқан студенттер жатақханаларын уақтылы пайдалануға беруді тапсырды

29 Сәуір 2019, 10:26
2334
Бөлісу:
Мамин салынып жатқан студенттер жатақханаларын уақтылы пайдалануға беруді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин студенттерді жатақхана орындарымен қамтуды уақтылы орындау қажет екенін айтты.  
«Студент жастардың жатақхана мәселесін жақсарту Елбасының 5 әлеуметтік жобасының бірі. Біз оларды уақтылы орындауды қамтамасыз етуіміз керек. Елбасы 2022 жылға дейін жатақхана тапшылығын жойып, 75 мың жаңа орынды пайдалануға беруді тапсырды. Осы жобаны іске асырудың бірінші жылы 5 мың орынды пайдалануға беру жоспарланған, бірақ жақсы  нәтижелерге жетіп отырмыз. Биыл 9000 астам орын пайдалануға беріледі деп күтіледі», - деп айтты Мамин.

Премьер бүгінгі Үкімет отырысында оң тәжірибесі бар Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы басшыларының баяндамаларын тыңдағанын, басқа да өңірлер осы тәжірибені пайдаланса болады деп айтты. 

«Осы бағытта инвесторлармен жұмысты ұйымдастыру керек. Жатақхана салуда мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі негізінде жұмысты жалғастыру қажет. Жоғары  деңгейде білім беру жүйесін құру үшін студенттердің тұратын жеріне жағдай жасау маңызды. Осы міндетті орындауға қаржы моделі әзірленген. Министрлік нақты іс-шаралар жобасын әзірледі. Кәсіпкерлер үшін барлық мүмкіндік жасалған. Банктердің пайыздық мөлшерлемесі 7% дейін төмендетіліп, құрылыс ережелері жеңілдетілді. Мемлекеттік тапсырыс қаржы жағынан қамтамасыз етіледі», - деп айтты Мамин. 

Бұған дейін, ҚР Білім ғылым министрі Күләш Шамшидинова биыл 9 мың орынды жатақхана тапсырылатынын хабарлады. 
Өзгелердің жаңалығы