Бас жаңалықтар
Спортта үміт әрдайым ақтала бермейді – Сәпиев
29 Шілде 2021, 16:46 653

Спортта үміт әрдайым ақтала бермейді – Сәпиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мұндай пікірді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг кезінде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев білдірді.

ОКҚ алаңында Токио жерінен Сәпиев ZOOM арқылы онлайн қосылды.

Олимпиада жақсы өтіп жатыр. Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және спорт түрлері бойынша федерациялар тарапынан Олимпиада ойындарына қатысып жатқан спортшылардың табысты өнер көрсетулеріне қажетті жағдайды жасағанын айтқым келеді. Атап айтқанда, материалдық қаржыландыру, оқу-жаттығу жиындары, халықаралық жарыстарға қатысуы, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілу жағдайлары жасалған, - деді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы.

Ол спортта үміт ақтала бермейтінін айтты.

Өздеріңіз білетіндей, спортта үміт әрдайым ақтала бермейді. Осыны есте ұстаған жөн. Алайда қазақстандық спортшылардың әрқайсысы лайықты өнер көрсету үшін бар күш-жігерін салады деп сенеміз, - деп пікір білдірді Серік Сәпиев брифингте.

Еске сала кетейік, Токиода өтіп жатқан Олимпиададан Қазақстан 3 қола медаль иеленді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...