Спорт нұсқаушылары аудандарға жұмыс істеуге жіберілді

11 Қазан 2019, 02:42
2641
Бөлісу:
Спорт нұсқаушылары аудандарға жұмыс істеуге жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 50 спорт нұсқаушысы Қарағанды облысының аудандарына жұмыс істеуге жіберілді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұсқаушылар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде, жаңа спорт алаңдарында және әмбебап корттарда жұмыс істейтін болады. Осылайша, жыл сайын облыста ашылатын спорт нысандары жұмыссыз бос тұрып қалмайды.

«Біз елу адамға тренинг ұйымдастырып, өткіздік. Енді олар ауылдарда жұмыс істейтін болады. Нұсқаушылар институтын енгізу жөніндегі жоба бұқаралық спортты дамыту үшін үлкен маңызға ие және нақты жемісін бере алады», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов.

Нұсқаушылар тек жаттығуларды ғана емес, сонымен қатар мәдени-демалыс жұмыстарымен де айналысады. Олардың міндеті – барлық жастағы ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтына тарту.


Өзгелердің жаңалығы