Бас жаңалықтар
СOVID-19: Елордада қанша жүкті әйел коронавирустан қайтыс болды?
12 Қазан 2021, 13:55 28496

СOVID-19: Елордада қанша жүкті әйел коронавирустан қайтыс болды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады. 

Оның айтуынша, пандемия басталғалы былтыр ПТР-сынамасымен диагнозы расталған 652 адам қайтыс болған.
Ал биыл тоғыз айдың ішінде 1681 адам коронавирус індетінің құрбаны болды. Коронавирус диагнозымен қайтыс болған балалар жоқ, олардың ілеспе диагноздары болды. Сондай-ақ екі жүкті әйел көз жұмды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айта кететін жайт, COVID-19 бойынша қалада эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып қалуда. Елорда әлі де «қызыл» аймақта тұр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...