Ұлттық банк іскерлік белсенділік көрсеткіштерін жариялады

12 Қазан 2021, 13:46
1283
Бөлісу:
Ұлттық банк іскерлік белсенділік көрсеткіштерін жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың 2021 жылдың қыркүйек айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы түсіндірмесін жариялады.

Ұттық банк мамандарының бағалауы бойынша, елдегі іскерлік белсенділіктің индексі қыркүйек айында сәл төмендеген. Тамыз айында аталмыш индекс 50,2 болса, қыркүйекте 49,8 болып отыр. 

Бұған құрылыс секторында көрсеткіштердің тамыздағы 51,9-тен 49,3-ке, қызмет көрсету секторында 50,7-ден 49,1-ге дейін төмендеуі әсер етті. Құрылыс секторындағы индекстің нашарлауына іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтудың, ал қызмет көрсету саласында – жаңа тапсырыстар мен жұмыспен қамтудың бәсеңдеу, сондай-ақ жеткізу мерзімдерінің ұлғаюы себеп болды, - деп жазады Ұлттық банктің департамент директоры. 

Сарапшының айтуына қарағанда, өнеркәсіп саласында жаңа тапсырыстар мен жұмыспен қамту деңгейі көтеріліп, соның себеінен іскерлік белсенділік индексі тамыздағы 49,1-ден 50,9-ға дейін жақсарған. 

Аймақтар арасында қыркүйекте 10 өңірде іскерлік белсенділіктің жақсарса, 7 өңірде нашарлаған. Неғұрлым жоғары деңгей Түркістан (54,9) мен Шығыс Қазақстан (53,8) облыстарында, ең төмен деңгейі – Қызылорда облысында (40,2) байқалып отыр.

Қыркүйек айында респонденттер елде бизнес жүргізу ісінің нашарлағанын атап өтті. Қазіргі бизнес-жағдайларды бағалау бойынша жауаптар теңгерімі «-1» шамасында белгіленді. Ал тамызда «+1,7» болған. Барлық секторлардағы кәсіпорындар өнімге/қызметке сұраныс бар екенін атады. Коммуникациялар мен кредиттерге қолжетімділікті оң бағаланды. Ал салық жүктемесі мен бизнесті қорғау мәселелері тамыздағы сияқты теріс бағаланды, - дейді Жандос Шаймарданов.



Өзгелердің жаңалығы