Сот Оңтүстік Кореяның экс-президентіне қатысты үкімді сол күйі қалдырды

14 Қаңтар 2021, 12:50
1126
Бөлісу:
Сот Оңтүстік Кореяның экс-президентіне қатысты үкімді сол күйі қалдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты билікті асыра пайдаланғаны және парақорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылған экс-президент Пак Кын Хенің үкімін күшінде қалдырды, деп жазады Korea Herald.

Сеулдің Жоғарғы сотының қаулысы экс-президент Пак Кын Хені қысқартылған мерзімге бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сот оның 18 миллиард вон (шамамен 7 миллиард теңге) мөлшеріндегі айыппұлын да сол күйі қалдырды.
Елдің Жоғарғы сотының шешімі іс бойынша түпкілікті үкім болып саналады. 

Айта кету керек, бастапқыда Пак Кын Хе 33 жылға бас бостандығынан айырылып, 20 миллиард вон айыппұл төлеуі керек болған, бірақ кейінірек Жоғарғы сот айыппұл мен жазаны - сыбайлас жемқорлық үшін 15 жылға дейін, билікті теріс пайдаланғаны үшін тағы бес жылға дейін қысқартты.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяның алғашқы әйел президенті ел басшысы ретінде жасаған көптеген қылмысы мен бұзушылықтары үшін 2017 жылдың наурыз айында мемлекет басшысы қызметінен мерзімінен бұрын шеттетілді.

2018 жылы Пак Кын Хе сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік құпияны ашу, билікті асыра пайдалану, бопсалау ісі бойынша 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның құрбысы Чве Сун Силь ешқандай ресми қызмет атқармай-ақ, шешім қабылдауға әсер етті, сонымен бірге мемлекет басшысымен қарым-қатынасын пайдаланып, Оңтүстік Корея корпорацияларынан үлкен көлемде ақша талап етті деген айыппен ол да сотталған болатын. 

Сондай-ақ, отставкаға кеткен Пак Кын Хенің досы Чхве Сун Силь де сотталды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Әйелге сыбайлас жемқорлық қылмыстары, соның ішінде парақорлық пен билікті асыра пайдалану, бұрынғы Президентпен байланысты өз мақсаттары үшін пайдалану айыпталды.

Өзгелердің жаңалығы