Дубай – Алматы рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды

14 Қаңтар 2021, 12:30
1169
Бөлісу:
Дубай – Алматы рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 13 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 16 халықаралық әуе рейсі келді. 

1 379 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 190 адам, анықтамасыз 189 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 610 жолаушы, анықтамамен - 570, анықтамасыз - 40;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 540 жолаушы, анықтамамен – 391, анықтамасыз - 149;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 132 жолаушы анықтамамен келді;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 97 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

2021 жылдың 12 қаңтарында анықтамасыз келген 94 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.
Өзгелердің жаңалығы