Сириядан қайтарылған 20 азамат қылмысқа күдікті деп ұсталды

13 Мамыр 2019, 17:18
3023
Бөлісу:
Сириядан қайтарылған 20 азамат қылмысқа күдікті деп ұсталды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Жусан-2» операциясының нәтижесінде Сирияның қарулы қақтығыс аймағынан келгендердің ішінде 16 ер адам мен 4 әйелге террористік іс-әрекеттерге қатысы бар деген күдік тағылды. Бұл туралы «Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау» (Жусан-2) туралы арнайы брифинг барысында ҰҚК департаментінің басшысы Бақытбек Рақымбердиев айтты.

Сириядан қайтарылған 20 азамат қылмысқа күдікті деп ұсталды

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан айта кететін жайт, Сириядан шығарылған азаматтар елге өз еркімен шешім қабылдап келгенін, ал кейбіреулері қылмыстық жауапкершілікке тартылуға дайын екенін көрсетті. Тағы бір мәселе Сириядағы қарулы қақтығыс аймақтарында өз еркінсіз жүрген балаларды қайтару болды. Қайтарылған 156 баланың 18-і – жетім. 7 жасқа дейін – 107 бала, 7 мен 12 жас аралығында – 43, ал 12 жастан жоғары тек 6 бала бар. Балалардың жартысынан көбі шетелде туылған. «Жусан» операциясының 2-кезеңінде қайтарылған азаматтар – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, сонымен қатар Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарының тумалары», - деді ол.

Сириядан қайтарылған 20 азамат қылмысқа күдікті деп ұсталды

Сонымен қатар, 55 әйел балаларымен бірге орналастырылған Ақтау қаласының маңындағы арнайы оңалту орталықтарында қазір медициналық тексеру жарияланып, карантин белгіленген.

Сириядан қайтарылған 20 азамат қылмысқа күдікті деп ұсталды

«Қазақстанға келгеннен кейін 16 ер адам мен 4 әйел адам ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) жағында террористік іс-әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен тұтқындалды. Олар қылмыстық істердің тергеу орындары бойынша Нұр-Сұлтан, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент қалаларына жеткізілді. Қалған 55 әйел балаларымен бірге Ақтау қаласының маңындағы арнайы оңалту орталықтарына 1 ай мерзімге орналастырылды. Медициналық тексеріс өткізіліп, карантин белгіленді. Қосымша олармен психологтар, теологтар, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері жұмыс жүргізуде. Құжаттарын қалпына келтіру бойынша көмек көрсетілді. Сонымен бірге, олардың террористік іс-әрекеттерге қатысуы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Кедергі келтіретін жағдай болмаса, карантин мерзімі аяқталған соң әйелдер мен балалар бұрынғы мекенжайларына қайтарылады», - деді ҰҚК өкілі.

Сириядан қайтарылған 20 азамат қылмысқа күдікті деп ұсталды

Бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев «Жусан» операциясы Америка Құрама Штаттарының қолдауымен іске асырылғанын айтқан болатын.

Сириядан қайтарылған 20 азамат қылмысқа күдікті деп ұсталды

Жақында 7 және 9 мамыр күндері Сириядан Қазақстанның 231 азаматы елге жеткізілді, оның 156-сы – балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і – жетім балалар. Осыған байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  мәлімдеме жасаған болатын. 

Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6 қаңтарда «Жусан» операциясына байланысты Сириядан 47 азаматымыз елге қайтарылғанын хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы