Шымкентте әлем чемпионатын өткізуге болатын жаңа спорт кешені ашылды

12 Наурыз 2021, 23:12
1406
Бөлісу:
Шымкентте әлем чемпионатын өткізуге болатын жаңа спорт кешені ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте халықаралық талаптарға сай спорт кешені пайдалануға берілді. Нысанда ірі спорттық іс-шараларды, тіпті әлем чемпионаттарын ұйымдастыру үшін барлық қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Енді шымкенттік жастар спорт ойындарының оқ ату спорт түрінен финалдық жарыстарын жаңа кешенде өткізу мүмкіндігіне ие болды. Мұнда алдағы уақытта оқ атудан басқа футбол, гандбол, волейбол және баскетбол спорт түрлеріне арналған алаңдар да іске қосылады.

Салтанатты жиынға қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев пен «Ордабасы» футбол клубының президенті Бақтияр Байсейтов жаңа кешеннің лентасын қиды.

Осы спорт кешенінде қыркүйек айында пневматикалық винтовкадан оқ атудан Азия чемпионаты өтеді деп күтілуде. Бұл өңірдегі әлемдік мергендердің қатысуымен өтетін алғашқы спорттық жарыс болмақ.


Өзгелердің жаңалығы