Бас жаңалықтар
Шілдеде 163 мың жамбылдық 42 500 теңге алды
01 Тамыз 2020, 14:31 110

Шілдеде 163 мың жамбылдық 42 500 теңге алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында төлем жасауға 174 744 адам өтініш берген, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Өтініш бірнеше арна арқылы беріледі. Атап айтсақ, Электрондық үкіметтің egov.kz веб-сайтында, 42500.enbek.kz веб-сайтында, сонымен қатар Telegram боттары мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы қабылданады.

Автоматты түрде, яғни проактивті форматта, облыстың 65 127 тұрғынына төлем төленді. Олардың қатарында шектеу шаралары салдарынан табысынан айырылғандар, алдыңғы айларда өтініш білдірген және төлем алған адамдар да бар, - деді Баққараев.

Сонымен қатар, әр ауданда штабтар жұмыс істейді десек, олардың құрамында жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлер палатасының, кәсіподақ пен ішкі істер департаментінің өкілдері бар.

Бүгінде штабта келіп түскен 20 342 өтінімнің 20 030-ы қаралып, комиссия мүшелерімен 16 250 өтініш мақұлданса, 3780 өтініш қанағаттандырылмады. 

Бұл мәселе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жеке бақылауында.

Айта кетейік, ел басшылығы тамыз айында ЕТЖ жартысын төлеу туралы шешім қабылдады. 1 тамызға дейін 42500 теңге алғандарға ешқайда барудың қажеті жоқ, оларға автоматты түрде шоттарына 21250 теңге аударылады. Ал 1 тамыздан кейін өтініш бергендерге 1,5 АЕК немесе 63 750 теңге мөлшерінде төлем есептеледі.

Төлемге өтінімдер 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

Фото: дереккөз
Загрузка...