Бас жаңалықтар
Шетелден келген екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды
15 Қаңтар 2021, 13:42 170

Шетелден келген екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 14 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Нидерланды, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. 

2 053 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 773 адам, анықтамасыз 280 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 750 жолаушы, анықтамамен – 644, анықтамасыз - 106;

Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 1 095 жолаушы, анықтамамен - 948, анықтамасыз - 147; 

Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 208 жолаушы, анықтамамен - 181, анықтамасыз - 27.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша 2021 жылдың 13 қаңтарында анықтамасыз келген 94 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде бір жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, тағы бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...