Құлақ неге шулайды?

15 Қаңтар 2021, 13:30
8362
Бөлісу:
Құлақ неге шулайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құлақтағы зыңыл денсаулығыңызға көңіл бөлу керек дегеннің белгісі. 

Express бұл туралы америкалық зерттеушілердің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып жазады. 

Ғалымдар құлақтағы шуыл – тиннитус ағзада В12 дәруменінің жетіспеушілігінің белгісі екенін айтады. 

Бұл суда еритін дәрумен, сонымен қатар кобаламин деп аталады. Ол жүйке жүйесінің жұмысына ғана жауап бермей, эритроциттер мен ДНҚ түзуге қатысады. 

Сарапшылардың пікірінше, В12 миелинді, нервтерді қоршайтын қорғаныс және оқшаулағыш қабықты түзеу үшін қажет.

Дәруменнің жетіспеуі нервтердің нашар байланысына әкеледі, бұл өз кезегінде құлақтың шуылына әкелуі мүмкін.  

B12 жетіспеушілігі сонымен қатар қолдар мен аяқтардағы шаншу және ұйып қалуына, бұлшықет әлсіздігін және рефлекстерді жоғалтуды тудыруы мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы