Бас жаңалықтар
Шетелден келген 255 жолаушы стационарға жатқызылды
25 Қазан 2020, 11:27 436

Шетелден келген 255 жолаушы стационарға жатқызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қазанда сағат 00.00-ден кейін 11 халықаралық әуе рейсімен 1483 жолаушы келді. Оның ішінде Қазақстан 1228 азаматында анықтама болса, қалған 255 жолаушыда анықтамалары жоқ.

Нұр-Сұлтан қаласына 4 рейспен 434 жолаушы келді. Оның ішінде анықтамалары бар - 350, анықтамалары жоқ - 84.

Алматы қаласында - 6 рейс, 939 жолаушы, анықтамалары бар - 778, анықтамалары жоқ – 161 жолаушы.

Шымкент қаласында - 1 рейспен 110 жолаушы келді. 100 жолаушыда анықтамалары бар, қалғанын 10 жолаушыда анықтамалары жоқ.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ПТР талдау тапсыру үшін карантин стационарларына орналастырылды. Жолаушылар Түркия, БАӘ, Украина және Беларусь халықаралық рейстерімен келді, - деді Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов.
Ол Facebook-тегі парақшасында осы жылдың 6 қазанынан бастап ПТР анықтамасынсыз 34 жолаушы халықаралық авиарейстерден Қазақстанға коронавирус жұқтырып келгенін хабарлады.
Оның ішінде Шымкент – 2, Нұр-Сұлтан – 4, Алматы – 28. Қазақстанның барлық азаматынан коронавирус екі күндік карантинде жатқызылып, ПТР тестілеу нәтижелері бойынша анықталды, - деп жазды Байғабылов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...