Шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылды

27 Қазан 2021, 11:26
4302
Бөлісу:
Шетелдегі қазақтілді  БАҚ қауымдастығы құрылды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанынан Шетелде  қазақ тілінде жазатын бұқаралық ақпарат құралдарының қауымдастығы  құрылды. 

«Отандастар Қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов атағандай, қор жұмысының мақсатының бірі - шетелдегі ағайындардың басын біріктіру.

Журналистер қауымы да ерекше болып есептелгендіктен, олардың басын біріктіру пысықталып жатыр. Біздің зерттеуіміз бойынша әлемде 88-ге жуық қазақша жазатын БАҚ бар екен. Осы мақсатта қауымдастықтың тұсаукесері өтіп жатыр. Қауымдастық қазақ тіліндегі ақпараттық кеңістікті кеңейту, тілді дәріптеуді жүзеге асырады ,- деді Сарбасов.
Оның айтуынша, шетелдегі қазақ бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу да өте маңызды.

Шетелдегі қазақтілді  БАҚ қауымдастығы құрылды

Бүгін  қауымдастықтың алдағы ережесі таныстырылып, бекітіледі. Жиынға қатысушылар ассоциация төрағасын сайлап, алдағы жұмыс жоспарын талқыға салады. Шетелдегі қазақ бұқаралық ақпарат құралдарының үздік материалдары енген жинақ шығару, қазақ тілді жас журналистер арасында конкурстар өткізу, отандық бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы байқауға шетелдегі қазақ тілді басылымдар мен журналистерді қатыстыру жұмыстарын қолға алу және жылына бір рет қауымдастық өкілдерінің бас қосуын ұйымдастыру да қарастырылған, - деді ол.
Сарбасов атағандай, қауымдастық коммерциялық та, саяси да емес.
Шетелдегі ағайындар қазақ тілін ұмытпас үшін, олардың ұрпақтары тарихын есте сақтауы үшін осындай әрекет жасап отырмыз, - деді ол.
Шараға Парламент депутаттары, еліміздегі БАҚ өкілдері мен шетелдік ақпарат құралдары онлайн қатысты.
Өзгелердің жаңалығы