Шектеулерге қарамастан жиын-тойлар өткізу тоқтамай тұр – Цой

18 Тамыз 2021, 11:44
3321
Бөлісу:
Шектеулерге қарамастан жиын-тойлар өткізу тоқтамай тұр – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Ведомство басшысы карантиндік шектеу шараларына қарамастан оны бұзу деректері көп деп отыр.

Соның ішінде, әсіресе, той-томалақ, жиын, еске алу асын беріп жатқандар жетерлік көрінеді.

Карантиндік іс-шараларға қарамастан бірқатар өңірде адамдарды жинап, жиын-той, үйлену той, еске алу асын өткізу тоқтамай тұр. Карантинді бұзу деректері де кездесті. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға мониторингтік топтардың жұмысы мен ақпараттық-түсіндіруді күшейтуді тапсыруыңызды сұраймын, - деді Денсаулық сақтау министрі. 

Карантиндік шектеу шараларын өрескел бұзу деректері Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тіркелген.

Сондай-ақ ол эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін бірқатар ұсыныс білдірді. Атап айтатын болсақ, демалыс күндері «қызыл» және «қоңыр-қызыл» аймақтарда локдаунды сақтау керек. Сонымен қатар мониторингтік топтардың жұмысын күшейту мен тиісті халықтың вакцинациямен қамтылуын ұлғайту да маңызды. Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына басымдылық берілуі тиіс. Ashyq жобасының көшбасшылары үшін критерийлерді қайта қарастыру керек деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы