Бас жаңалықтар
Министр жұмысқа орналасу, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесін талқылады
29 Қыркүйек 2021, 15:15 601

Министр жұмысқа орналасу, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды онлайн түрде қабылдады. 

Қабылдау барысында ведомство басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, сондай-ақ Ақмола және Атырау облыстарының 7 тұрғынының мәселелерін қарады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтар министрге жұмысқа орналасу, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бар адамдарды және Семей ядролық сынақ полигонының ардагерлері мәртебесі бар адамдарды қолдау мәселелері бойынша көмек пен кеңес алу үшін жүгінді.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов олардың өтініштері бойынша егжей-тегжейлі жауаптар берді, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бойынша Еңбекминінің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге жәрдем көрсету бойынша тапсырма берді.


Фото: дереккөз
Загрузка...