Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

30 Қаңтар 2019, 10:45
3002
Бөлісу:
Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. Серік Сәпиев Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен ҚР мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметіне Серік Сәпиев тағайындалды», деп жазды ол.

Бұған дейін Бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев өкілеттігін мерзімінен бұрын босатқандығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы