Алматыдағы автобус апаты. Материалдық шығынды автопарк көтеруі қажет – жәбірленуші

26 Сәуір 2024, 12:09
1352
Бөлісу:
Алматыдағы автобус апаты. Материалдық шығынды автопарк көтеруі қажет – жәбірленуші
Фото: скрин

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысын тікелей эфирден көруге болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жәбірленуші сот ісінің жарыссөз бөлімі барысында автобус жүргізушісі мен автопарктің де жазаға тартылуын талап етті.

Мен автобус жүргізушісінің бұл іске кінәлі еместігіне келіспеймін. Мен сотталушы жайлы ешнәрсе айтқым келмейді. Ол бапта көрсетілгендей жазасын алады. Алайда 3 адамның өліміне алып келген жағдай жолаушының 100 теңге жолақысын төлемегенінен болып отыр. Автобус жүргізушісінің бұл оқиғаға қатысы жоқ дегенге келіспеймін. Қазір әлеуметтік желіде  жәбірленушілер осы жағдайдан миллиондаған қаржы өндіріп алмақшы деген пікір қалыптасқан. Мен моральдық, материалдық шығынды автопарк пен жүргізушіден алу үшін күресті жалғастырамын. Осы ретте 7 қалалық ауруханаға алғысымды айтқым келеді. Мені аяғымнан тұрғызып, жағдайымды жеңілдетті, – дейді жәбірленуші.

Ол сондай-ақ жүргізуші мен автопарк басшылығы оқиғадан кейін бір рет болса да жағдайын сұрап, кешірім сұрамағанын айтты.

Ал автобус жүргізушісі болса, оқиғаның ертесінен-ақ, қайта жұмысына кірісіп кетті. Тіпті сол жағдайдан кейін, автопарк пен жүргізуші де кешірім сұрамады. Мен сол апаттан кейін 3-4 ай төсек тартып жаттым. Дәрігерлер болмағанда аяққа тұрмас едім. Мен автобус жүргізушісі мен автопарктің де жазаға тартылғанын қалаймын, – деді жәбірленуші.

Еске салсақ, бүгін сотталушының анасы да сотта сөз сөйлеген еді.

Өзгелердің жаңалығы