Cерік Сәпиев депутаттықтан кетті

30 Қаңтар 2019, 09:13
3558
Бөлісу:
Cерік Сәпиев депутаттықтан кетті

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев өкілеттігін мерзімінен бұрын босатты.

Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мәлдешов Серік Сәпиевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын босату заң бойынша реттелетінін атап өтті. Депутаттар аталған ұсынысты мақұлдады.

«Серік Жұманғалиұлы, Парламентте бірігіп атқарған жұмысыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Әріптестеріңіз, барлық депутаттық корпус атынан алдағы уақытта жаңа қызметте тек қана сәттілік және табыс тілейміз», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Кейін ол Серік Сәпиевке Мәжіліс депутаттары атынан алғыс хат табыстады.

«Ең алдымен маған берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа маған артқан сенімі үшін шексіз алғысымды білдеремін. Спорт алаңында және қазіргі таңда Елбасының қолдауын әрдайым сезініп жүреміз. Баршаңызға рақмет», - деді депутат.

Осы орайда Нұрлан Нығматулин мандатын босатқан депутаттың мемлекеттің қызметке баруы мүмкін екенін айтып қалды.

«Серік Жұмағалиұлы, енді мемлекеттік қызметте сәттілік тілеймін. Ол жақта да үлкен сәттілікте жетесің деген сенімдемін. Бақытты, табысты бол», - деді Мәжіліс төрағасы.

Дәурен Ерболат

Өзгелердің жаңалығы